Бақылау сұрақтары

1.       Фуллерендердің күн батареяларында қолданылу принципін түсіндіріңіз. Бұл процесс фотосинтезбен қандай ұқсастықтарға ие?

          2.       C60 фуллеренінің антиоксиданттық қасиеттері қандай және ол нейродегенеративті ауруларды емдеуде қалай қолданылуы мүмкін?

          3.       Фуллерендердің отқа төзімді бояулардағы рөлі қандай? Мұндай бояулар өрт кезінде қалай жұмыс істейді?

          4.       Көміртекті нанотүтіктердің құрылымы мен түрлеріне сипаттама беріңіз. Бірқабатты және көпқабатты нанотүтіктердің айырмашылығы неде?

          5.       NRAM технологиясында көміртекті нанотүтіктер қандай мақсатта пайдаланылады? Бұл технология дәстүрлі флеш-жадылардан несімен ерекшеленеді?

          6.       Гонконг политехникалық университетінің ғалымдары ұсынған КНТ-негізіндегі флеш-жады құрылғысы қандай артықшылықтарға ие?

          7.       Фуллерендердің наномедицинада қолданылу ерекшеліктерін сипаттаңыз. Бұл бағытта қандай терапиялық мүмкіндіктер ұсынылады?